«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абайлаңыз, снюс!

04.02.2020

Абайлаңыз, снюс!

Қазақстандық оқушылардың  «босаңсуының» жаңа жолы пайда болды. Және оның аты-снюс. Снюстер-темекіні алмастырушы деп аталатын шайнайтын қоспа. Никотиннің бір пакеттегі концентрациясы бір темекіге қарағанда 100 есе көп.  Бұл тауарды «никотин кәмпиттері», «шайбалар», «темекі шектіртпейтін табак» деп те атайды. Ол галлюцинация, улану және тіпті естен тануды тудырады. Мамандардың бағалауы бойынша жаңа уланудың таралу ауқымы критикалық жағдайға жақын. Ақпарат көзі: <url> https://24.kz/ru/news/social/item/363029-nikotinovaya-epidemiya-ili-pochemu-v-kazakhstane-zapretili-snyusy.

2019 жылдың 20 желтоқсанында темекі емес табактық  және темекі емес снюс деп аталатын өнімдерді әкелуге, қолдануға, сатуға және таратуға тыйым салу бойынша уақытша санитарлық шара енгізу туралы қаулы шығарылды. Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне барлық елде құрамында никотин мен оның туындылары бар темекі және темекісіз шайнайтын қоспаларды (снюстерді) сатып алуға тыйым салу туралы тапсырма берілді.

Снюстерді, спайстерді және басқа да никотинді қоспаларды қолданудың алдын алу мақсатында мектепте жоғары буын оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өтті.  Мектеп медбикесі Н. В. Архипова балалармен никотин қоспаларын қолданудың зияны туралы әңгіме өткізді. Оқушылар үшін снюс, спайс, насвай және т. б. типті қоспаларды қолдануда адамның денсаулығы мен психикалық жағдайы үшін әкелетін қайтымсыз қауіпті, салдары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Оқушылар мен ата-аналарға ақпараттық буклеттер таратылды.

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст