«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Лесной орта мектебі» ММ Ұлан басы сайлауы

«Лесной орта мектебі» ММ Ұлан басы сайлауы

 

2019 жылғы 4-8 қараша аралығында Лесной орта мектебінде Ұлан басы постына сайлау алды науқаны өтті. Ұлан басы қызметіне өз кандидатураларын ұсынғандар: 8 сынып оқушылары Кирилюк Марина, Стригина Александра, 8 сынып оқушысы Кошель Егор, 9 сынып оқушысы Григорьев Сергей және 10 сынып оқушысы Батяев Виктор.  Бұл оқушылар "ЖасҰлан" ББЖҰ мүшелері болып табылады, сыныпта, мектепте беделге ие, тамаша және жақсы оқуымен ерекшеленеді, белсенді, шығармашыл тұлғалар, мектеп өміріне немқұрайлы қарамайды. Ұлан басы постына үміткерлер өздерінің өмірбаянымен және бағдарламасымен түрлі-түсті үгіт парақшаларын ұсынды. Үлкен үзілістерде қатысушылар оқушыларды дауыс беруге үгіттеп, дауыс беруге шақыратын үнпарақтар мен визиткалар таратты. 7 қарашада үміткерлер сайлау алдындағы дебатта мектеп оқушылары алдында сөз сөйледі. Олар егер Ұлан басы болса, мектеп өмірінде қандай өзгерістер болуы мүмкін деген жоспарларымен бөлісті. Сайлау кезінде келесі оқушылар құрамынан сайлау комиссиясы құрылды: Корж Роман, Шторк  Константин, Полякова Олеся, Редькина Александра, Манакина Кристина. Комиссия төрағасы болып 11 сынып оқушысы Миллер Артур тағайындалды.  Тәуелсіз бақылаушы ретінде ата-аналар комитетінің төрайымы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Корж Марина Анатольевна шақырылды. 8 қараша дауыс беру күні болды.  Дауыс беруге қатысқан оқушылар 1-11 сынып оқушылары мен мектеп қызметкерлері.  Тізімдер бойынша 227 сайлаушылар болды. Дауыс беруге 206 сайлаушы қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

Батяев Виктор-102 дауыс

Кошель Егор-43 дауыс

Григорьев Сергей-33 дауыс

Стригина Александра – 15 дауыс

Кирилюк Марина – 13 дауыс

Дауыс беру нәтижесі бойынша 10 сынып оқушысы Виктор Батяев жеңімпаз атанды.

Виктор Батяевті жеңістерімен құттықтаймыз және өзгерістерді күтеміз!.

                                                               

                                                                                             

                                                              

Жаңартылған күні: 21.11.2019 20:53
Құрылған күні: 21.11.2019 20:58

Текст