«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Лесное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Лесное отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!» атты шығармашылық байқауының ережесі

13.03.2017

Республикалық «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз!» атты шығармашылық байқауының ережесі

1.   Байқаудың мақсаттары және міндеттері

1.1.      Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.

1.2. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.

1.3. Тың тақырыпқа шығарма жаздыру арқылы оқушылардың ой-ӛрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

1.4. Еліміздің әр ӛңірлеріндегі мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтап оларды марапаттау.

2.   Байқауды өткізу мерзімі

2.1. Байқау жұмыстары 2017 жылдың 01 ақпаннан бастап 20 наурызға дейін қабылданады. Байқауға 2017 жылғы 20 наурыз айынан кейін түскен және Ережеге сәйкес келмеген байқау материалдары қарастырылмайды.

2.2. Байқау қорытындысы, жеңімпаздар дипломдары мен қатысушылар сертификаттары 2017 жылдың 04 сәуір айында сұраныста кӛрсетілген жетекшілердің электронды поштасына жолданады.

2.3. Байқауға қатысу үшін 2300 (екі мың үш жүз) теңге тӛлем ақысы тӛленеді.

2.4. Төлемақы барлық «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде 5042 санды төлем коды арқылы жүргізіледі. Ұйымдастырушының барлық банк реквизиттері осы төлем кодына тіркелген. Төлем жарнасы 150 теңге құрайды.
2.5. Байқауға қатысу үшін genofond_eurasia@mail.ru электронды поштасына келесі құжаттарды жіберу қажет:

1)               Сұраныс 1-қосымшаға сәйкес;

2)               Сканерден өткізілген төлемақы құжаты (түбіртек немесе төлем тапсырмасы);

3)     Байқауға қатысатын жұмысты.

3.  Байқауға қатысушылар

3.1. Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары, сондай-ақ колледж, жоғары оқу орындары студенттері қатыса алады.

·                   Бірінші жас санаты: 8-10 жас;

·                   Екінші жас санаты: 11-14 жас;

·                   Үшінші жас санаты: 15-18 жас (колледж, жоғары оқу орындары студенттері).

·                   Тӛртінші жас санаты: 18 жастан жоғары...

3.2.      Жұмыстарды бірлесіп орындауға жол берілмейді.

4.     Байқаудың шарттары

4.1. Қатысушылар тақырыпқа байланысты эссе, шығарма немесе арнау ӛлеңдерін жазып жібереді. Жұмыстың мазмұны байқаудың тақырыбына сай болуы қажет. Қатысушы ӛз ойын, қиялын еркін білдіріп, жұмысты ӛзі орындайды.

4.2. Байқауға тек жеке жұмыстар қабылданады. Байқауға жолданған жұмыстар қайтарылмайды, авторларға рецензиялар жіберілмейді.

4.3. Шығарма келесі бӛлімдерден құрылуы тиіс. Титул парағы, мазмұны, кіріспе, негізгі бӛлім, қорытынды. 4.4. Текст кӛлемі 5 беттен аспауы қажет. Құжат А4 пішінді, жұмыс Microsoft Word форматында жазылады,

қарпі-Times New Roman; кегль-14; сол жағынан - 3 см, оң жағы, жоғарғы және тӛменгі жағы – 2 см.

4.5. Интернет желісінен алынған, баспасӛз бетінде жарияланған дайын материалдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай интернет желісінде жарияланбаған болуы тиіс.

5.   Бағалау өлшемдері

·                   Тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;

·                   Шығармашылығы мен ізденісі;

·                   Ойды дербестігі;

·                   Байқау тақырыбына сәйкестілік;

·                   Байқау жұмысының әлеуметтік мәні, позитивтілігі мен креативтілігі;

·                   Автордың ӛзіндік кӛзқарасы мен қолтаңбасы;

·                   Орындалу ұқыптылығы.

6.   Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Әділ-қазылар шешімі ӛзгермейді және қайта қарауға жатпайды.

5.2. Байқаудың жүлделі орындарына ие болған жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен

марапатталады. Орынға ілікпеген қатысушыларға сертификаттар беріледі.

5.3. І ОРЫН иегерлерінің жетекшілері мақтау қағазымен (грамота) марапатталады.

5.4.      Анықтама телефондары: 87761213218, 87477776240, 87015186176.

 

 


Просмотров: 581

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст